Сарысуда сайлау учаскесінде жәрмеңке ұйымдастырылды

0 88
Сарысуда сайлау учаскесінде жәрмеңке ұйымдастырылды.
Сарысу ауданында 25 референдум учаскесінің жұмысы жақсы жүріп жатыр. Таңертеңнен бастап дауыс берушілердің легі азаяр емес.
Ал белгілі бір себептермен, денсаулығына байланысты учаскелерге келе алмайтындарға арнайы жәшік үйіне апарылады. Бүгін учаскелерде комиссия мүшелері жұмыс істейді. Барлығы арнайы курстан өткен, сертификаттары бар.
Бүгін 25 референдум учаскелерінің барлығында жәрмеңке өтіп жатыр, 36 кәсіпкер жұмылдырылған.
Бұл жерде дауыс берушілер тұрақтандыру қорының бағаларына сай азық-түлікті, соның ішінде көкөністі, арзанға сатып ала алады. Референдум учаскелерінде келушілерге радио концерттік бағдарлама ұсынылуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.