Қазақтың салт-дәстүрлері білім ордасында жаңғыртылды

0 116

А.Гайдар атындағы №35 орта мектепте оқушылары қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Оған білім ордасындағы 6 «А» және 6 «Ә» сыныптарының оқушылары қатысты,-деп жазады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жеткіншектерді қазақ халқының салт — дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыруға, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мен халық өнегесін үйретуге бағытталған шарада оқушылар ұлттық киім киіп, «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті.

-Мұндай шаралар мектебімізде үнемі өтіп тұрады. Балалар өте белсенді. Қыздар болашақ ана болса, ұлдар бір үйдің тірегі. Сондықтан оларды үлкен өмірге даярлап, ұлттық сананы терең сіңіріп, болашаын айқындау біздің міндетіміз. Бүгінгі шара барысында тек бесікке салу ғана емес, бата беріліп, дастарханға өзімізге тән ұлттық ас түрлері қойылды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады,- деді ұстаз Айгерім Қарашолақова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.