Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағы

0 58

Дәл осындай тақырыппен #29 Ю.Гагарин атындағы орта мектепте сынып сағаты өтті. Оқушылардың ел мен жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған сабаққа 2″ә» сынып оқушылары қатысты.

Ұйымдастыру кезеңінде балалар сөзжұмбақ шешіп, тақырып бойынша өз білгендерін айтты. Одан кейін еліміздің өткені мен бүгіні, болашағы, Президенттің халыққа Жолдауы туралы мәлімет берілді. Туған жер тақырыбында викториналық сұрақтар қойылып, сабақ қызықты өтті.

Мұндай сабақтардың балалардың патриоттық сезімін нығайтып, ертеңіне сеніммен қарап, ел мұрасын құрметтеп, қастерлейтін азамат болуына ықпалы зор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.