Қарасаз ауылында референдумның мәні түсіндірілді

0 29

Қарасаз ауылдық округінің Қарасаз ауылында «AMANAT» партиясының жанындағы штаб мүшелері Айбек Елекбаев пен Эльмира Абишева ауыл тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ауыл тұрғындарымен кездесудегі негізгі мақсат — халыққа жалпыхалықтық референдумның мәні мен маңыздылығын түсіндіру.

Кездесу барысында штаб мүшелері Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістерге тоқталды.

-Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Мәслихаттардың ықпалы артады. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді.
Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады,- деді штаб мүшелері.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары Жаңа Қазақстан құру жолындағы Мемлекет басшысының бұл шешіміне толықтай қосылатындықтарын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.