Алматы облысында төрт студент ауызашарға «дөнер жейміз деп» уланып қалды

0 42

Алматы облысында колледждің алдындағы дүңгіршектен дөнер жейміз деп төрт студент уланып қалды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Студенттер тамақтанғаннан кейін бірден өздерін нашар сезінген. Алайда жылдам тамақтану орны кінәсін мойындамай отыр.

Келеңсіз жағдайдан кейін жаңа ашылған дүңгіршек бірден жабылып қалыпты. Астан ұшынғандар Талғар қаласындағы жоғары медициналық колледждің II курс студенттері. Олар оқу орнының дәл алдында жаңа ашылған дөнер сататын дүңгіршектен тамақтанған.

Ораза ұстаған төрт бойжеткен дүйсенбі күні аузын ашуға дүңгіршекке келеді. Осы жерден дөнер жеп, екі сағаттан кейін ауруханаға түскен. Қазір дөнер сататын дүңгіршек жабық тұр. Студенттер дөнер жегеннен кейін құрбыларына нашар сезінгенін айтыпты. Алайда дүңгіршектің иесі қыздардың нақты дөнерден уланғанына сенбейді. Өйткені оқиға асхананың дәл ашылу күні болған соң, бойжеткендерден бөлек 40 шақты адам да тамақтанған.

«Ал азық-түлікті бір күн бұрын сенімді жерден алып келдім. Бар бәле қыздардың өзімен ала келген салаттан шығуы мүмкін. Қыздарға қорытындыны «улану» деп берген екен. Негізінде көзі мен ерні ісіп кеткен деп естідік. Ол тамақтан аллергиясы болу керек. Улану емес. Күзде атаанасының беріп жіберген бір құты салаты болған екен. Ашылған екен. Оны тоңазытқышта біраз уақыт бойы сақтаған. Содан кейін ауызашарға жеп отыр. Маринадалып жабылған құты болғаннан кейін қақпағын ашқаннан соң бірден жеп тастамаса, улануы әбден мүмкін”, – дейді кәсіпкер Әлия Нұртажиева.

Астан уланған төрт бойжеткен қазір Талғар ауруханасында жатыр. Үшеуінің жағдайы оңалып үйіне бүгін қайтарылды.

Ал біреуінің халі нашар, ауруханадан келесі аптада шығады. Ал дүңгіршек иесінің «аллергия» деген уәжін дәрігерлер жоққа шығарды. Өйткені студенттер ауруханаға жүрегі айнып, құсып, бас айналып түскен.

“Аллергияның белгілері бұндай болмайды. Аллергия басқаша болады. Қыздарда екі сағаттан кейін, дөнер жегеннен кейін ауру белгілері пайда болып тұр. Тоқтаусыз құсты. Тағамын құсып тастады. Қыздардың өзінен де қателік бар. Төрт қыз ораза ұстап, аузын ашқан. Аш қарынға дөнер жеуге болмайды”, – дейді Талғар қаласы ауруханасы қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері Дастан Амандықов.

Дәрігерлер улану белгілері болғанымен, әлі нақты неден ұшынғаны белгісіз деп отыр. Санитар мамандар ас дайындалған жерден сынама алып, сараптама қорытындысы шыққаннан кейін анықталады.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.