Жамбылда жоғалған жас сарбаз әлі табылған жоқ

0 84

Жамбылда жоғалған жас сарбаз әлі табылған жоқ. Бұл туралы «Информбюро» жаңалықтар қызметінде айтылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың жоғалғанына айдан астам уақыт өтті. Жақындары жан-жақты іздеп қанша сабылса да жауынгерді көрдім, білдім деген адам да, хабар да жоқ. Қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішевтің бөліміндегілер оның өз еркімен қашып кеткенін айтқан. Бұл жауапқа көңілі толмаған жақындары ұлымыз командирлерінен қысым көрген болуы мүмкін деп болжап отыр. Анасы әскердегі ұлымен соңғы рет 28-ақпан күні сөйлескен. 2-наурыз күні «Андас батыр» шекара қызметінен хабарласып, Ұлықбектің жоғалып кеткенін айтқан. Мұны естіген келіншек туған-туыстарын жиып, бірден Қызылордадан Жамбылға келіпті. Содан бері тау-тасты аралап, шекара асып ұлын іздеп жүргеніне 36 күн болған. Әскери бөлімнің сыртында бейнебақылау камерасы бар деген сурет болғанымен, камераның өзі болмай шығыпты.

Орынкүл Мерекова жоғалған ұлы табылмай, қайтпайтынын айтып, бөлім маңындағы ауылдан пәтер жалдап тұруда. Себебі, әскерилердің «іздеп жатырмыз» деген сөзіне сенбейді. Әрі Ұлықбектің келісімшартпен жұмыс істейтін жігіттерден қысым көргенін естіпті. Бірақ құзырлы органдар істі тергеудің орнына кешірім беруге мәжбүрлеген дейді.

“Барлық суретті жан-жаққа, Жамбыл облысының барлық бәріне тараттық, ілулі тұр деп еді. Ешқандай баланың суреті жоқ. Соған жаман іштен күйіндім кеше келіп. Ешқандай баламның суреті жоқ, бұл қалай деп звондап едім, телефонды тастай салды”, – дейді ол.

Ал, шекара қызметі департаменті басшысының орынбасары – Қайрат Тұяқовтың айтуынша, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары бір сәтке тоқтатылмаған. Бірінші күннен бастап Ұлықбекті табуға 100-ге жуық сарбаз бен ерікті жұмылдырылған. Одан бөлек бүкіл ел аумағында жауынгер туралы деректер жазылған парақшалар таратылыпты. Еріктілер, ауыл тұрғындары, атты патруль, тіпті 7 рет тікұшақ та ұшырылған.

Сондай-ақ, Алматы және Қызылорда облыстарындағы әріптестері де атсалысып жатыр. Жоғалған сарбаз туралы деректер жарияланған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Іздеу тоқтатылды деген – бекер сөз”, – дейді ЖОБ Шекара қызметі департаменті басшысының орынбасары Қайрат Тұяқов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.