Түркістан облысында бір жасар бала дәретхана шұңқырына түсіп кетті

0 81
2022 жылдың 12 мамырында «112» қызметіне Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылғы туылған бала құлап кеткені туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды.

Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.

ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.