Таразда 42 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі

0 20

Таразда 42 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат отырысында айтылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Биыл берілетін баспаналардың 36-сы кредиттік, 6-ы арендалық үйлер.

«Бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың да саны аз емес. Кредиттік үй санын көбейтіп, халыққа қолжетімді ету керек» деп жиынды қорытындылаған қала әкімі бұл мәселені жүйелі шешу үшін тұрғын үй соғамын деген жеке инвесторларды тарту керектігін айтты.
Бүгінгі күнге «Шаңырақ» бағдарламасы аясында 645 отбасы, ал «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 97 отбасы баспаналы болған.

15 мөлтекаудандағы 64 тұрғын үйден 4450 пәтер халық игілігіне берілді. Оның ішінде, 51 ипотекалық тұрғын үй және 13 коммуналдық арендалық үй. Арендалық үйлер мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелген азаматтарға берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.