Түнгі 00:00 де облыста террористік қауіптіліктің қызғылт сары деңгейі жойылады. Бұл туралы Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.
2022 жылдың 7 ақпан сағат 00.00-ден бастап облыстың барлық аумағында террористік қауіптіліктің жоғары («қызғылт сары») деңгейі жойылады. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қабылданған барлық шараларға түсіністік танытқан облыс тұрғындарына алғыс айтамыз,- делінген хабарламада.