Жүргізуші куәлігін жылдам жасатамын деп ақшасынан айырылды

0 75

Ағымдағы жылдың 02 ақпанында Тараз қ.полиция басқармасының жедел басқару орталығына қала тұрғыны жеке заттарының ұрланғандығы бойынша арызданған. Белгісіз тұлға көлік жүргізу куәлігін жылдам жасап берем деп, арызданушының сеніміне кіріп, қонақ үйлердің біріне шақырған. Кездесу барысында киімдерінен ұялы телефоны мен 80.000 теңге ақшасын жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 26-жастағы Семей қаласы, Аягөз ауданының тұрғынын анықтап,ұстады. Ол өзінің ақшаны оңай табу мақсатында қалаға келгенін айтып, өз кінәсін толығымен мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 және 2 бөлігімен(ұрлық) және ҚР ҚК-нің 190 бабы (алаяқтық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.