Илон Маск нейрочип өндіруші Neuralink компаниясының адамдарға сынама жасау туралы жоспарымен бөлісті. Бұған дейін компания өз құрылғысының көмегімен маймылға бейнеойындарды ойнауды «үйреткен» еді. Илон Маск мұндай тәжірибе адамдарға жақын арада жасала бастайды деген болатын.
Енді құрылғылар жұлын миы ауы жарақаттанған адамдарға орнатылып көрмекші. Нәтижесінде, науқастар ми импульсінің көмегімен қозғалады, жазу жазып, сөйлей алады , — деп күтілуде.