“Дикий” Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің қырғыз аруымен бас қосқаны белгілі болды. Қырғыз БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қылмыс әлемінің серкесі “Қырғызстан аруы – 2014” Айкөл Әлікжановамен бас қосқан.
Әлікжанова – қырғыз актрисасы және моделі, “Қырғызстан аруы – 2014” және “Интернет KG — 2012” сұлулық байқауларының жеңімпазы. Жұмагелдиевтің қырғыз аруымен қашан үйленгені белгісіз. Олардың қызы өткен қараша айында дүниеге келген.
Арман Жұмагелдиев өте романтик болып шықты. Ол тұңғышы өмірге келгенде желіде жазба жариялады. Айкөл жазбаға пікірін білдіріп, баланың анасы өзі екенін көрсетті.
“Аллаға шүкір, Мәриям-Медина есімді тұңғышым өмірге келді. Алланың қалауымен алғаш рет әке атандым. Жылы лебіздеріңізге рахмет. Қазақтың құрметті қызы болатынына сенемін. Қазақ елім аман болсын. Аллаһым қазақ еліне күш-қуат берсін, тыныштық берсін”, – деп жазды ол.
Айкөл Әлікжанова “аумин, жаным” деп пікір білдірді.
Сұлулық байқауында жеңіске жеткен бойжеткен бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмады. Ол PR-мен айналысты және зергерлік брендті қолға алды. Ал екі жылдан кейін ол хиджаб киіп, мұсылмандық сән әлемінің дизайнері атанды.
“Хиджаб сән емес. Жай ғана сән соңғы кезде хиджабқа қызыға бастады”, – дейді Әлікжанова.
Айта кету керек, ол жаңа салада жетістікке жетті. Ол Алматы мен Бішкекте өз брендінің сауда нүктелерін ашқан.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды. Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. «Дикий Арманды» ұстау сәтінің суреттері жарияланды.
Бүгін Арман Жұмагелдиевтің сот шешімімен 2 айға қамауға алынғаны белгілі болды.