«Мұғалім мектепте небәрі екі құжат толтырады» — Асхат Айманғанбетов

0 72

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Жедел желі» бағдарламасында қонақта болып, мұғалімдерді артық құжат толтыруға мәжбүрлейтіндердің жазаға тартылатынын ескертті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазір білім ошақтарында ұстаз мектепте небәрі 2 құжат толтырады. Олар: электронды жүйеде оқушыға баға қою және күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу. Ал электронды күнделікті қосымша қағаз бетіне басып шығару – заң бұзушылық», – деді министр.
Соңғы жылдары мұғалімдерді артық құжат толтыруға итермелеген 700-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Әр мектепте педагогикалық этика бойынша кеңестерді құрдық. Бұл – бір. Егер ол педэтика кеңесіне барғысы келмесе, облыстарда Бақылау департаменттері бар, соларға телефон соғып немесе ватсапқа ақпарат беруге болады. Барлық осындай шағымдар бойынша біз міндетті түрде жауапкершілікке тартамыз», – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.