Қайрат Құдайбергеннің «Дикий Арманмен» кандай байланысы бар?

0 72

ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады, деп жазады Bugin.kz порталына сілтеме берген Zhambylnews.kz AA.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«Оны кеше, 21 сәуір күні ұстады. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы БАҚ өкілдеріне растады», — деді ол.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмалдиевтің жанында жүргені көрінген болатын.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз. 

«Дикий Арманмен» Қайрат Құдайбергеннің қандай байланысы бар?

10 ақпанда Қайрат Құдайберген алғаш рет куәгер ретінде жауап алуға шақырылды. Кәсіпкерге Дубайдағы демалысын үзіп, Қазақстанға қайтуға тура келеді. Жауап алуға шақырылғанының себебі – «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмалдиевпен байланыста болғаны еді. Олардың 4-7 қаңтар аралығында қаңтар оқиғасы кезінде алаңда болғаны видеоларда жүр.

Одан кейін бизнесмен Арман Жұмагелдиевтің қасында не үшін жүргенін түсіндіріп берді. Бұл туралы депутат Instagram парақшасында жазды.

«6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, арандатуға берілмеуге шақырдық. Ол адамдарды тек бейбіт митингіге, үкіметпен сөйлесуге шақырды. Алайда арандатушылар пайда болып оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет!

200-ден астам батырмен митингіде жүрген адамдардың бетін бұру үшін қайта алаңға шықтық. Алаңда адамдарды сабырлыққа, мейірімділікке, бейбітшілікке шақырған кезде провокаторлар Арманға бөтелке, таяқ, тас лақтыра бастады. Мені таныған ел өзі басқа жаққа алып кетті, ал Арманды аямай сабады, біреу арттан келіп таспен басын жарды. Одан кейін Арманның жігіттері (оның арасында біздің де еріктілер бар) емханаларды қорғауға алды, тегін азық-түлік таратты, мародерлерді ұстады. Арманның қандай қылмыс жасағанын мен білмеймін, бірақ бұл ситуацияда өзін ер етіп көрсетті.

Бұл жазбаны шығармай тұрып маған көп адам хабарласып, «Сен депутатсың ғой, ал Арман «криминальный авторитет». Сен оның ОПГ-сында барсың деп өзіңе жала жабады, онымен сөйлесе берме» деп маған ақыл айтқан. Бірақ қазағым «Жақсының жақсылығын айт, мейірі тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деп бекер айтпаған. Сол себептен көргенді еш қорықпай және саясатты қоспай ашық айтып отырмын! Намысты, жігерлі қазақтың батырлары көп болғай!», — деп жазды ол.

Естеріңізде болса, бұл оқиғадан кейін Қайрат Құдайберген 9 ақпан күні Instagram желісінде жазба жариялап, өзін ҰҚК мен Бас прокуратура жауап алуға шақырғанын айтқан еді.

«Қазір Дубайда демалыстамын. 4 қаңтарда кетеміз деп жоспарлаған едік, мүмкіндік те болды, бірақ халқым мен Отанымды тастап кете алмадым. Демалысым 6 ақпанда басталды, алайда 5 ақпан күні түскі уақытта ҰҚК-ден, ал 7-сі күні Бас прокуратурадан жауап алуға «шақыру» келді. Бәрі сыпайы түрде. Келген соң міндетті түрде Астанаға барып сөйлесемін, сосын не туралы сөйлескенімізді айтамын», – деп жазды депутат.

Бұдан кейін кәсіпкер ел арасында өзі жайлы тараған қауесеттерге жауап берді. Халықтың арасынан кейбіреулер Құдайбергенді БАӘ-ден экстрадициялады деген ақпарат таратқан болып шықты. Құдайберген мұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Барып тұрған сандырақ. Прокуратура мені куәгер ретінде шақырды. Ал ҰҚК Алматы прокуратурасы жауап алуға шақырған жағдайда, оларға қайта келудің қажеті жоғын айтты.

Мен «Дикий Арманның» демеушісі әрі досы екенмін. Бұл енді сандырақ. Арман Жұмагелдиевпен митингі кезінде алаңда алғаш рет көрістім. Демеушілік туралы сөз болуы мүмкін емес», – деп жазды Құдайберген.

Ал оrda.kz сайтының жазуынша, ақпан айында Қайрат Құдайбергеннің өзі ақпарат агенттігіне «Арманмен таныстығы жоғын, тәртіпсіздік кезінде алаңда көргенін, ол жаққа халықты басу үшін барғанын» айтқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.