Майданда зеңбірек атқан математик

0 10

Олар елдегі ана мен бала жыламасын деп, жас пен қарттың көңілі жасымасын деп майданға аттанды. Бұл ел үшін опат болған майдангерлердің өр рухы, бейбітшілік үшін шайқасқан ардагерлердің ерлігі жаңғыратын күн! 9 мамыр – Жеңіс күні!

Ерлік ешқашан ескірмейді! Мәңгілік жауынгерлердің ерлігі, өрлігі ұрпақ жадында! 9 мамыр – Жеңіс күнінде Жамбыл облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев бастаған жеке құрам Б.Момышұлы атындағы Жеңіс паркінде Ұлы Отан соғысында ел үшін от кешкен майдангерлердің рухына тағзым етті.

 Мерекеге орай Ұлы Отан соғысының ардагері Генадий Ивановтың шаңырағына барып, майдангерге құрмет көрсетті. «Жас ұрпақ сіздердің ел тыныштығы жолындағы жасаған ерліктеріңіз үшін бас иеді! Қан майданда қиян-кескі шайқастарда көрсеткен өр рухтарыңыз өлмейді!», — деді Нияз Қанатұлы 96 жастағы ардагерге сый-сияпат жасап тұрып.  Генадий Иванов қан майданға небәрі 18 жасында аттанған 1945 жылы Жеңіс күнін  батыста қарсы алып, елге оралған. Ардагер І Украина майданының 917 әскери бөлімінің 350 атқыштар полкінің зеңбіректі-артиллериясы сапында шайқасқан. Елге оралған соң, мектепте математикадан сабақ берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.