Сарысу ауданындағы Арыстанды ауылы — түрлі ұлт өкілдері көп шоғырланған елді мекеннің бірі. Сан қилы тағдырмен қазақ жерін мекендеген ұлттар елдегі маңызды шаралардан сырт қалған емес. Бейбіт аспан астында, берекелі өмір сүріп жатқан Арыстанды ауылының тұрғындары да бүгінгі саяси науқанға ерекше атсалысуда. Таңмен таласа референдум учаскесіне келіп, таңдауларын жасап жатыр. Арыстанды ауылындағы №387 референдум учаскесінде дауыс берушілердің жалпы саны -169 адам. Қазірге дейін дауыс берушілердің 60 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.