Кәсіпкерлер түрмедегілердің табыс табуына мүмкіндік беріп отыр

0 51

Жамбыл облыстық ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінің аумағында  кәсіпкерлер жазасын өтеп жатқандарды жұмысқа тартып, оларға жалақы беріп отыр. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің мәліметінше, түзеу мекемесінде көптеген сотталушы жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлер түрме ауласындағы бос жатқан ғимараттарда ағаш және темір бұйымдарын жасайтын цехтарды іске қосқан. Бүгінде сотталушылар кәсіпкерлердің тапсырыстарын дер кезінде орындауда. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бұл –  түрмедегілердің жұмыс істеп, ақша табуы олардың тәртібінің түзелуіне, қалыпты өмірге қайта оралуына берілген мүмкіндік дейді.

Осындағы «Алан», «Зере» жеке кәсіпкерлері 2021 жылдың тамыз айында мекеме аумағынан жұмыс орындарын ашқан болатын. Тәртіп бойынша олар Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жыл бойы атқарған жұмысы, кіргізілген шикізаттары және шығарылған дайын өнім бойынша есеп беріп, таза табыстың елу пайызын мемлекеттік бюджетке аудару бойынша есептер өткізеді. Дәстүрге сай, аталған департамент басшысының төрағалығымен мекеме аумағынан жұмыс  орындарын ашып, сотталғандарды ақылы жұмыстармен қамту үшін өндірістік нысандарын ашқан жеке кәсіпкерлердің бір жылдық есептеріне қорытынды жасалды. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің жұмысы қанағаттанарлық болып есептеліп, нысан сенімгерлік басқаруға берілді. Енді олар  жұмыстарын әрі қарай жалғастыратын болады.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру

бөлімшесінің бастығы

әділет майоры М. Сағындықова

Leave A Reply

Your email address will not be published.