Жамбыл облысының құтқарушыларына Республика күніне орай семинар өткізілді

0 32

Биыл Президентіміздің бастамасымен 25 қазан — Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бабаларымыз бірнеше ғасыр армандаған тәуелсіздік құжат ретінде тіркелді. Осы декларацияның арқасында еліміздің жеке территориясы, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан Республика күні осындай тарихи құндылығымен бағалы болып табылады.

Осыған орай,  ағымдағы жылғы 22 қазанда мереке қарсаңында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында  ұйымдастырылған семинарға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты Парида Иманжановна Мамедованың қатысты. Сондай-ақ, аталған іс-шараға Қызметтің аппарат қызметкерлері және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы қатысты.

Шара барысында қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Әлібек Әділбекұлы Абсатов сала қызметкерлері мен қонақтарын алдымызда келе жатқан Республика күнімен құтықтап, өзінің құттықтады.

Одан әрі сөз алған  философия ғылымдарының кандидаты Парида Иманжановна Мамедова: «25 қазан Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды күн. Соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнді, ел Президенті қайта жаңғыртты. Еліміздің тәуелсіздігі расымен де осы күннен бастау алады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуі тәуелсіздік тұғырын асқақтата түсетін маңызды қадам. Бұл мерекені тарихымызды, дәстүріміз бен тілімізді, құндылықтармызды дәріптеу деп қабылдауымыз керек» — деп атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.