Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде қысқы киім үлгісіне көшу бойынша саптық байқау өтті

0 28

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде саптық байқау өтті, оның барысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің сыртқы келбеті, жетондардың болуы, қызметтік куәліктердің атағы мен лауазымына сәйкестігі тексерілді.

Саптық байқау маусымдық киім үлгісіне көшу аясында өтті. Шара барысында киім нысанының белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылып, оны күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүрулеріне көңіл бөлінді.  Нысанды киім, бас киім, аяқ киім кию, шеврондар мен погондарды, эмблемаларды орналастыру ережесі, тұтастай алғанда жеке құрамның қысқы киім нысанымен қамтамасыз етілуі бақыланды.

Айта кеткен жөн, саптық байқаулар Өрт сөндіру қызметінің барлық бөлімшелерінде өткізілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.