Мойынқұм ауданының әкімі басшылығымен апталық мәжіліс өтті

0 4
Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Әбіләшұлының басшылығымен апталық мәжіліс өтті. Мәжілісте күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселер талқыланып, әкімдіктің жауапты бөлім басшылары мен ауыл,ауылдық округ әкімідері тарапынан жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылды.
Күн тәртібінде 25 – қазан Республика күні және мемлекет және қоғам қайраткері А.Назарбековтің 100 жылдық мерей тойын атап өтілу барысы, «Асарлатып үй салу» жобасының орындалуы және аудан елді мекендеріндегі күзгі екі айлық көріктендіру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының барысы талқыланды.
Жиында аталған мәселелер жөнінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Төребек, аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.Жаманқұлов, аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғани Тлешовтар өз баяндамаларын жеткізді.
Баяндамаларды тыңдаған аудан басшысы Әлихан Балқыбеков көңіл көншітпейтін кейбір мәселелерге сын-ескертпелер де айтып, жиынға қатысушыларды қордаланған барлық мәселелерді жүйелі жолмен дереу шешуге шақырып, жиынды қорытындылады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.