Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жедел әрекет ететін арнайы жұмысшы тобын құрды

0 11

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінде қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жедел әрекет ететін арнайы жұмысшы тобын құрды.

Жұмысшы тобына тіл саласының жауапты мамандары мен Халықаралық қазақ тілі қоғамы облыстық филиалының, мемлекеттік кіріс, тұтынушылардың құқығын қорғау, әділет департаменттерінің және облыстық кәсіпкерлер палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ облыстық филиалының жауапты мамандары  тартылды.

Арнайы құрылған жұмысшы тобының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуде жұмысшы тобының мақсаты мен міндеті айтылып, мемлекеттік тілде қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында жүргізетін жұмыс жоспарлары құрылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілге енгізілген барлық бақылау-касса машиналары модельдерінде техникалық талаптарға сәйкес мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы түсіндірілген видеоролик әзірленіп, кәсіпкерлерге таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.