Байзақ ауданына қарасты Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Байзақ ауданы Бурыл ауылы №6 орта мектебінде «Кәсіби білім алу-болашаққа жарқын жол» атты тақырыпта М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академисына оқуға түсу бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, тәртібін түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, түсіндіру жұмыстарын Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі инженері азаматтық қорғау капитаны Әбдірәимов Ержан және Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аға анықтаушысы азаматтық қорғау капитаны Есқараев Жансерік жүргізді.
Ал, олар оқушыларға құтқарушылардың мамандықтары туралы айтып, қабылдау, оқу және тұру ережелерімен таныстырды. Жиынға барлығы 80 оқушы және 10 мұғалім қатысты. Кәсіби білім алу – болашаққа жарқын жол екендігін оқушылар анық түсінді.