Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды

0 10

Жамбыл облысындағы боранға байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Төтенше жағдай министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

11 ақпанда Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тасжолының учаскесі жабылып (534-593 км), 150 жеңіл көлік пен 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы тоқтатылды.

Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.

Сондай-ақ, бригада 15 адамға медициналық көмек (қысым, бас ауруы, стресс) көрсетті.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб ұйымдастырды.

Сонымен қатар, жедел желі телефондары жарияланды: 8 (7262) 513575, 514167.

Фото: t.me/qr_tjm

Leave A Reply

Your email address will not be published.