Веретинария саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде

0 29

Мемлекет басшысының кезекті жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, ветеринария жүйесін цифрландыру, ветеринария мамандарын даярлау, жалақыны арттыру мәселесі көтерілген болатын. Бұл бағытта Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы бірқатар жұмыстар жүргізіп, мамандардың жалақысы 20-30 пайызға көтерілді,-деп жазады «ZhambylNews» АА.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында есеп берген басқарма басшысы Нұржас Құрмантаев басқарманың атқарған жұмыстарымен таныстырды.
— Жыл басынан бруцеллезге тексеру үшін қан сынамасын алу бойынша 1,0 млн. манипуляция орындалып, диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған ауыл шаруашылығы жануарлары қолданыстағы Заң аясында санитариялық талаптармен сойылып, кезең кезеңімен қайта өңдеуге жіберілуде.
Облыс аумағында 1 ауру түрінен 2 ошақ анықталып, оларда карантин шаралары қойылып, бүгінгі күнге аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың тіркелуі 2 есеге төмендеді,-деді Ол.
Ал «019-Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер бағдарламасы» бойынша 2022-2023 жылдары «Ауыл аманаты» жобасына енгізілген 24 елді мекендерде жеке қосалқы шаруашылықтар иелігіндегі мүйізді ірі қара малының аналық бастарын қолдан ұрықтандыру жоспарланған. Бұл, халықтың қарапайым мүйізді ірі қара малын асылдандыруға жол ашады. Жобаға енгізілген барлық елді мекендердің тұрғындарына ағарту жұмыстары жүргізіліп, осы елді мекендерде қолдан ұрықтандырушы ветеринар мамандары бекітілді. Бүгінгі күнде аймақта осы бағдарлама арқылы 317 бас аналық мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылыпты.
-Бұдан бөлек, ветеринар мамандарының мәртебесін айқындау және ветеринария саласын цифрландыру бағытында қолданыстағы заңнамалар аясында ветеринар маманын азаматтық қызметшілер қатарына қосу арқылы бекітіліген айлық жалақысын анықтап, І-ІІ патогенді аурулармен жұмыс атқаратын ветеринар дәрігерлердің жалақысы 35-50 пайыз аралығында көтерілді. Мамандарының жұмысын оңтайландыру және уақытын үнемдеу үшін «VETmobile» ақпараттық жүйесі енгізілген заманауи планшеттермен қамтамасыз ету, биылғы жылдың соңына дейін қала мен аудандық ветстанцияларды қосымша тағы 11 УАЗ автокөлігімен қамту сияқты жұмыстар жоспарланып өз кезегімен жүргізілуде,-дейді басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.