Қаратау қаласындағы «Жеңіс» алаңында елдігіміздің мерейлі мерекесі саналатын 25 қазан — Республика күні аталып өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудан әкімінің бөлім, мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық құндылықты ұлықтап, Әнұранды бірге шырқады.
Жастар ресрустық орталығының жастары «I love KZ» акциясы аясында жасөспірімдер мен балалардың беттеріне көңілге қуаныш сыйлайтын патриоттық тұрғыдағы суреттер салып, мерекелік ақпараттық стикерлер таратылды. Аудан көлемінде кеңінен аталған ұлттық мерекеде тарихи датаның маңыздылығын айшықтайтын көрмелер қойылып, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ақ дастарханнан ыстық бауырсақтар таратылып, өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтататын әуендерді әуелетті.