Талас ауданында сан-салада табысты еңбек етіп жүрген жастардың басын біріктірген «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» оқыту – сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Берікқара лагерінде ұйымдастырылған салтанатты шараға Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Теміржан Ізтілеуов қатысып, жастарға оқыту – сауықтыру лагерінің нәтижелі өтуіне сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.
Лагерьдің негізгі мақсаты аудан жастарының түрлі тренингтермен, жан – жақты қолдау және Аудан көлемінде жастар саясатын одан әрі дамыту, өндіріс жастарына барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен патриоттық бағыттағы іс –әрекеттермен ақпараттандыру, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін насихаттау, жұмысшы жастарды қоғамдық өмірге тарту, қызығушылықтарын арттыру.
Жалпы 85 адамды қамтыған лагерь екі күнге созылады. Екі күн бойы жастар жеке кәсіпкерлік, шағын несие, жұмысқа орналасу, дін мәселелері, әлеуметтік желілермен жұмыс сынды түрлі бағыттар бойынша спикерлермен кездесіп, керекті ақпараттар алатын болады. Сонымен қатар, спорттық іс-шараларда ұйымдастырылады.