Қордай ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды

0 8

Республика күні қарсаңында, сондай-ақ 19 қазан – Құтқарушы күніне орай Қордай ауданында өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Жаңа ғимараттың ашылуы – Қордай ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Өрт сөндіру бөлімінің жаңартылған базасы аудан аумағында орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға тез әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Шара барысында Ерлан Нұрпейісов өрт сөндіру қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың қауіпсіздікті сақтау жолындағы жауапты қызметін ерекше атап өтті. Кәсіби мерекеге орай сала қызметкерлеріне арнайы марапаттар табыстады.

Бұдан соң жаңа нысанның лентасы салтанатты түрде қиылып, көпшілік ғимаратты аралап көрді.

Бұл күні өрт сөндіру бөлімінің алаңына ағаш көшеттері егілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.