Apple төртінші тоқсанның қаржылық есебін жариялады

0 10

Apple компаниясы бейсенбі күні 28 қыркүйекте аяқталған қаржылық жылдың төртінші тоқсанының нәтижесін жариялады. Компанияның кірісі 6 пайызға артып, 94,9 миллиард долларға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Компанияның тоқсан сайынғы таза пайдасы бір жыл бұрынғы 22,96 миллиард доллардан 14,74 миллиард долларға дейін төмендегені айтылды.

Тоқсанда акцияға шаққандағы таратылған пайда бір жыл бұрынғы 1,46 доллармен салыстырғанда $0,97 құрады.

iPhone сатылымы бір жыл бұрын 43,81 миллиард доллар кіріс кіргізсе, биылғы сатылымнан түскен кіріс 46,22 миллиард долларға жеткен. Mac сатылымы 7,61 миллиард доллардан 7,74 миллиард долларға дейін, ал қызметтерден түскен табыс 22,31 миллиард доллардан 24,97 миллиард долларға дейін өскен.

Қаржылық есеп бойынша Apple компаниясының Үлкен Қытай аймағындағы таза сатылымы бір жыл бұрынғы 15,08 миллиард доллардан 15,03 миллиард долларға дейін төмендеп кеткен.

«Бүгін Apple төртінші тоқсандағы жаңа рекордтық көрсеткішті жариялады. Табысы 94,9 миллиард долларға жетіп олтыр. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 пайызға көп. Осы тоқсанда біз тұтынушыларға ең үздік өнімдерімізді ұсынамыз. Олар: жаңа iPhone 16 желісі, Apple Watch Series 10, AirPods 4 және есту денсаулығы мен ұйқы апноэын анықтауға арналған қызықты мүмкіндіктер», — деді бас директор Тим Кук.

Еске сала кетейік, бұған дейін Apple компаниясы Telegram мен WhatsApp қосымшасын Қытайдың App Store дүкенінен алып тастағанын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.