Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан орталығында №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында 4 күнге созылған республикалық турнир өтті.
Қырғызстанның “Манас”, Тараздың “Қайнар” “Сұңқар”, “Хетрик”, Талас ауданының “Ақкөл”, өз ауданымыздағы “Түймекент”, “Байзақ” және №8 “ОМБЖСМ” командалары қатысқан жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов сөз сөйлеп, жасөспірім футболшыларға Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті.
Сол соғыста ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Ақәділ Суханбаевтың ерлігі жайлы мағлұмат берді. А. Суханбаевтың ескерткіші аудан орталығында тұрғызылғаны, батыр атында мектеп, көше барыда жеткізілді. Осындай батырымызды біз әрдайым мақтан ете отырып, жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастырылып келе жатқаны айтылды. Жас спортшыларға жарыста жеңіс тіледі.
Жарыстың ашылуында аудандық мәслихаттың депутаты Асылбек Жантаев, басқа да қонақтар өздерінің тілектерін білдірді.
Бірнеше күнге созылған жарыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде №8 “ОМБЖСМ”, “Қайнар”, “Хетрик”, “Ақкөл” командалары басқаларға қарағанда жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Нәтижесінде “Хетрик” пен “Ақкөл” командасы арасындағы үшінші орын үшін өткен жарыста тараздық “Хетрик” командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Ең қызықты ойын №8 “ОМБЖСМ” мен “Қайнар” командасы арасындағы шешуші ойын болды. Бұл ойында жерлестеріміз өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеп бақты. Көп уақытқа дейін гол соғылмағанымен олар билікті өз қолдарына алып, қарсыластар қақпасына жауапсыз 6 гол соқты.Міне осылайша біздің жас футболшылар жарыс жеңімпазы атанды.
Ал жекелеген ойыншылар арасында Таңжарық Көпболсын (№8 “ОМБЖСМ”) үздік жартылай қорғаушы, ал оның командаласы Амангелді Сейітакбар турнирдің ең үздік ойыншысы атанып, арнайы сыйлыққа ие болды. Жерлесіміз Абдулла Абылмансур турнирдің ең жас ойыншысы атанғанында атап кеткен орынды.
Жеңімпаздарға жарысты ұйымдастырушылар атынан диплом, кубок, медаль, сыйлықтар табыс етілді.
Аталған команданың турнир жеңімпазы атануына жаттықтырушылары Мұхамбетжан Баймаханов пен Серікболсын Бейсенбекұлының қосқан үлестері мол. Ал жарыстың өз дәрежесінде өтуіне бас төреші Мырза Қазиевтің еңбегіде көп болды. Балғын футболшыларымызға алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.