Байзақ ауданының әкімі «Алель АГРО» АҚ-ы Жамбыл филиалы құс етін өндіретін фабрикасына барды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.
Азық-түлік шығару және өңдеу өндірісі мәселелерінде құс шаруашылығы ерекше рөлге ие, себебі құс еті қолжетімді ақуыз көзі ретінде әлеуметтік тұрғыдан маңызды тауарлардың қатарына кіреді. Осы бағытта Байзақ ауданында бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Көктал ауылында орналасқан ет бағытындағы асыл тұқымды құстар мен балапандарды өсіретін фабрикада құс өсіретін орынның құрылыс жұмыстарын көрді. Мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылысқа қажетті барлық материалдар жеткізілген. Жоба толық іске асырылған жағдайда жылына 70 800 тонна құс еті өндіріліп, Қазақстан және ТМД мемлекеттеріне нарыққа шығару жоспарланып отыр. Құс фабрикасында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық шешімдер қолданылады. Құс бағу процесіне адам мейлінше аз араласса, тұрақты нәтиже соғұрлым жоғары болмақ. Ақпаратты жинауға арналған жүйелердің автоматтандырылуы, өндірістік бақылау бағдарламалары, жұмыстың автономды жүруін қамтамасыз ету – құс шаруашылығындағы заманауи үдеріс болып табылады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.