Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Алмас Исаков жетекшілік еткен білікті дәрігерлер тобы Сарысу ауданына арнайы іссапармен барып, ауыл тұрғындарына кешенді медициналық көмек көрсетті.
Делегация Облыстық дәрігерлер Сарысу ауданында қабылдау өткіздіқұрамында еңбек ардагері, медицина ғылымдарының кандидаты Сағындық Ордабеков те болды. Ол М.Әуезов гимназиясының бітіруші түлектерімен кездесіп, болашақ мамандық таңдау жайында ақыл-кеңес беріп, медицинаға бет бұрған оқушыларға ақ батасын арнады.
Сапар барысында ревматолог, кардиолог, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, ангиохирург және хирург сынды түрлі бейіндегі мамандар 100-ден астам тұрғынды қабылдап, диагностикалық тексерулер жүргізді. Сонымен қатар, хирургиялық топ үш науқасқа жоспарлы операция жасады.
Алмас Исаков аудандық аурухананың жан сақтау, терапия және қабылдау бөлімдерін аралап, медицина қызметкерлерімен кездесіп, емдеу ісін жетілдіру мен стационарлық көмектің сапасын арттыруға қатысты әдістемелік кеңестер берді.
Мұндай іс-шаралар шалғай аймақ тұрғындарына сапалы медициналық қызмет қолжетімділігін арттырып, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған.