Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков өз білімдерімен ерекшеленген үздік оқушыларды қабылдап, оларға игі тілегін арнады, алғыс білдірді.
Олардың қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Ой шеңбер» интелектуалды ойынның облыстық кезеңіне өткен оқушылармен бірге үш кезеңнен тұрған республикалық «Ана тілі» интелектуалды қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздарына үздік нәтижелері үшін марапаттар ұсынылды.
Сонымен бірге, I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегелері А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның «Алдаспан» тобының, II дәрежелі диплом мен күміс медаль иегерлерімен осы гимназияның «Мирас» тобының оқушыларына да алғыс білдірді.
Сондай-ақ, үздік эссе, үздік талдау, үздік жазушы және үздік дебат номинациясы бойынша жеңімпаз оқушыларға да аудан әкімі тарапынан сый-сыяпат көрсетілді.
Ал, басты марапатқа А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы, Халықаралық британдық «Coventry» университетінің грант иегері Алина Маймышева ие болды.