Этнос өкілдеріне арналған республикалық семинар өз мәресіне жетті

0 3

Бүгін Тараз қаласындағы Достық үйінде «Этносаралық коммуникацияларды дамытуға және этностарды интеграциялауға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін бағалау және жүргізу тәсілдері» тақырыбында «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырып жатқан семинар-тренингтің екінші күні.
Іс-шараның негізгі мақсаты – этностар арасындағы өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы тиімді жұмыс түрлерін анықтау және енгізу болатын.

Семинар жұмысына республика бойынша этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысуда. Екі күнге жоспарланған семинардың алғашқы күнін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің аға оқытушысы, республикалық Этномедиация кеңесінің мүшесі Руслан Тоқатов «Қоғамдық келісімді нығайту жұмысының инновациялық нысандары: бағалау және нәтижелер» тақырыбындас өткізген болатын.
Ал, семинардың екінші күнін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыАбай облыстық филиалының директоры Абжаков Асет және журналист, Ұлттық аударма бюросыныңаудармашы-редакторы Исаева Риза жүргізуде. Қатысушылар тренинг барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, этносаралық диалогты дамытудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп отырған семинар соңы қатысушы этнос өкілдеріне сертификаттар табыстаумен тәмамдалды.
Айта кетейік, келесі екі күндік семинар-тренинг Ақтөбе қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.