Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Орыс мәдениеті мен өнерінің тарихы» атты өнер және этнографиялық бірегей жеке коллекцияларының көрмесі ашылды.
Шараны өткізудегі басты мақсат қалың жұртшылыққа орыс мәдениеті, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, халықтық өнері және салт-дәстүрін кеңінен таныстыру болатын.
Жиынға облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары, еліміздің басқа да облыстарнан келген қонақтар мен «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Көрменің салтанатты ашылуы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаеваның алғы сөзімен басталды. Жиын ары қарай «Радонеж» орыс қоғамдастығының төрағасы Владимир Сорокиннің қонақтарға экскурсия өткізіп, көрермендерге этностың мәдени және рухани мұра саналатын жәдігерлерімен таныстыруға ұласты.
Көрмеге ерлер және әйелдердің этникалық киімдері мен керек-жарақтары, саятшылыққа қажетті құралдар, ұлттық және тағамдар, халық музыкалық аспаптары, кітаптар және т.б. этнос ерекшелігін айқындайтын дүниелер қойынған.
Жиын соңында көрмеге және экспонаттарды жинақтауға ерекше атсалысқан белсенділер марапатталды.