Жамбыл облысында жасанды интеллект негізінде қатерлі ісікті ерте анықтайтын бірегей жүйе енгізілді

0 2

Жамбыл облысында жасанды интеллект негізінде қатерлі ісікті ерте анықтайтын бірегей жүйе енгізілді.

Президент Жолдауында жасанды интеллектті денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына енгізу мемлекеттік саясаттың басымдығы ретінде аталды. Осы бағытта Жамбыл облысында медицина саласына ЖИ технологиялары табысты енгізілуде.

2025 жылдың мамыр айынан бастап өңірде өкпе мен сүт безі обырын ерте анықтауға мүмкіндік беретін «Жасанды интеллект» жүйесі іске қосылды. Бұл – ТМД елдерінде баламасы жоқ жоба. Жамбыл облысының 22 медициналық мекемесі бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйеге біріктіріліп, барлық радиологиялық зерттеулер облыс орталығында орталықтандырылды.

Жоба аясында аналогтық рентген аппараттары цифрландырылып, қауіпсіз жоғары жылдамдықты VPN арналары тартылды, жергілікті желілер мен серверлер жаңартылып, рентгенолог дәрігерлер кәсіби медициналық мониторлармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар:
x-Eye Mammo – сүт безі қатерлі ісігін,
x-Eye Toraks – өкпе ісігін,
X-EYE RIBOUT PNEUMONIA – пневмонияны танитын ЖИ жүйелері орнатылды.

Қазіргі уақытта 2264 адам тексеруден өтіп, 84-інде қатерлі ісікке күдік анықталып, 1 жағдай расталды.

Дәрігерлердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін оқыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.