Өсімдік майының өндірісі 23,9% артты

0 5

2025 жылдың алғашқы 7 айында республикада 521,2 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9% көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

Аталған кезеңде өсімдік майының экспорты 37,7% өсті. Қазақстандық майдың негізгі импорттаушысы — ТМД елдері.

Ел ішіндегі сату көлемі осы жылдың 7 айында 193,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,2% артық болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, бүгінде Қазақстанда шикізатты қайта өңдеумен айналысатын 88 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаттылығы – 4,7 млн тонна. 2024 жылы 757,1 мың тонна өсімдік майы өндірілді (+12,6% 2023 жылмен салыстырғанда), оның ішінде 640,3 мың тоннасы күнбағыс майына тиесілі болды (+19,2%). 2024 жылы өсімдік майларының экспорты 2023 жылмен салыстырғанда 29%-ға өсті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.