Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді

0 7

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді Алда жүк транзитінен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Елбасы кезекті Жолдауында Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл саланың қарқыны айтарлықтай.

Тек өткен жылдың өзінде Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 17 пайызға өсті. Нұрсұлтан Назарбаев блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. «Осы арқылы артық шығынды азайтуға болады», – деді. Ішкі қатынастарды жақсарту үшін автожолдарды жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осы мақсатқа жыл сайын бөлінетін бюджет қаржысын болашақта 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. «Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктер белсенді қатысуы тиіс», – делінген Жолдауда.

Дереккөз: : 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.