Қазақстанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді — синоптиктер

0 8

 «Қазгидромет» РМК 11-13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазақстан аумағынан алдағы үш тәулікте биіктік циклонға байланысты ауа ағыны өтеді. Осыған орай көптеген облыста қар жауып, батыстан, солтүстік-батыстан күшті жел тұрады, орталық және шығыс облыстарда боран соғады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», — делінген хабарламада. Синоптиктер Скандинав түбегінің солтүстігінде суық антициклон қалыптасып жатқанын айтады. Ол оңтүстік-шығыс бағытпен жылжып, 13 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеп соқтырады.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.