Ауа райы: Бірқатар өңірде қатты аяз болып, бұрқасындатады

0 0

Синоптиктердің болжауынша бүгін антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман мен жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 30 м/с артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 18 м/с болады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел тұрады.

Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында да аяз болуы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де ауа температурасы күрт төмендейді.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.