Жамбыл облысында үш ауыл көгілдір отынсыз отыр

0 0

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында үскірік аяздан газ құбырлары жарылып, 2  мыңнан астам тұтынушы көгілдір отынсыз қалды.

Оқиға Бірлесу-Еңбек ауылында болған. Мамандардың айтуынша, қазір үш ауыл газсыз отыр.  Сондай-ақ өңірдегі бастауыш сынып оқушылары сабаққа бармайды. Жоғарғы сынып оқушыларының сабақ кестесі қысқартылған. Қазір жергілікті мектептерде еңбек, дене шынықтыру пәндері өткізіліп жатқан жоқ. Ал Талас, Сарысу және Мойынқұм аудандарында барлық жастағы балалар мектепке мүлдем жіберілмейді. Өңірде бүгін ауа температурасы -31-32 градусқа дейін төмендеп кеткен.
Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.