Жалған қоңырау шалсаңыз, айтарлықтай айыппұл төлейсіз!

0 6

Жамбыл облысының аумағында шұғыл қызметтерді шақыру үшін«112» бірыңғай номері жұмыс істеуде. Сондай-ақ айта кететін жайт жылдан жылға қоңыраулар саны да артып келеді. Оның ішінде «112» қызметіне қатысы жоқ қоңыраулар соғу жағдайларының жиілеуі қынжылта түседі.

Мысалға ағымдағы жылдың қантар айында, қызмет диспетчерлері «112» желісі бойынша 49578 қонырау қабылдап үлгерген. Яғни, оның ішінде тек 8002 негізгі қызмет бойынша болып саналса, «101» желісі бойынша -113, «102» желісі бойынша – 3937, 5023 қонырау — «103»желісі бойынша, ақпараттық- анықтамалық сипатында 1979 қоңыраулап келіп түскен. Бұдан әрі, оғаш қоныраулардың саны 30 524 жетті. Олардың арасында ұялы телефон тексеру және балалардың әзілдеп қоңырау соғуын жатқызуға болады.

Сондықтан, Жамбыл облысының құтқарушылары облыс тұрғындары мен қонақтарынан 112 нөмірін термес бұрын, салақты түрде ойлануы қажеттігін өтінеді. Себебі аталған телефон желісі шынайы түрде шұғыл көмекке мұқтаж азаматтарға аса қажет болуы әбден мүмкін.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің баптарына сәйкес арнайы қызметтерге жалған шақырту үшін әкімшілік айыппұл салынады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полиция қызметі мен медициналық жедел жәрдемді жалған шақыртқан жағдайда жеке тұлғаларға 30 АЕК немесе 72 150 теңге айыппұл салынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.