Бүгін бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады

0 1

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік- батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын және жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетіп, бұрқасын болады.

Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.