Олимпиада-2018: Қазақстан11 орында

0 15

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтіп жатқан, XXIII қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 орында тұр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кеше фристайлшы Юлия Галышева алғашқы қола медальды жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақ елі қысқы Олимпиада ойындарында медаль алған 11 мемлекеттің тізіміне енді.

Қазіргі таңда бірінші орында 3 алтын, 1 қола медальмен Германия құрамасы тұр. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Нидерланды мемлекеті жайғасты. Ал үшінші орында 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен Норвегия құрамасы тұр.

Тартысты додада бүгін бағын сынайтын қазақстандық спортшылар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.

Айта кетейік, жарысқа 92 елдің спортшылары қатысып жатыр. Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығыда өтеді

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.