Ақтөбелік студент республикалық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды

0 2

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерейтойына арналған ақындар айтысында Қайырхан Жұбаниязов топ жарды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жоғары оқу орнының 90 жылдығына арналған «Менің пірім – Сүйінбай» атты Республикалық суырыпсалма ақындар сайысында ақтөбелік Қайырхан Жұбаниязов бас жүлдені жеңіп алды. Екінші мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі айтысқа еліміздің 23 оқу орнынан 40-тан аса студент қатысқан.

Қайырхан қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.