Астанада салынып жатқан медресе мұнарасының жылу ұстауға арналған материалдары өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
«18 ақпан сағат 15:35-те «101» пультіне Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында (оң бетінде) Қарқабат көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келді. Астананың Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі оқиға орнына 15:41-де келгенде жаңадан салынып жатқан медресе мұнарасының жалпы аумағы 10 шаршы метр жылу ұстап тұруға арналған материалдары өртенгенін анықтады», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
ТЖД мәліметі бойынша, өртті сөндіруге 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 15:58-де ауыздықталып, 16:03-те сөндірілді. «Өрттің шығу себебі: дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау», — деп атап өтті департамент өкілдері.