Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр
ҚазАқпарат — Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы құбылып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,42 долларға арзандап, бір баррель мұнайдың бағасы 65,25 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айында жеткізілетін фьючерстері 0,22 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 61,9 доллар болды.
Дереккөз: inform.kz