Қызылордада қалың қардың кесірінен сабақ тоқтатылды

0 1

Бүгін, Қызылорда қаласында жауын-шашын салдарынан қалыптасқан көктайғаққа байланысты бастауыш сынып оқушыларына бір күнге сабақ  тоқтатылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен түні осы жағдайға байланысты қалада көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазарту жұмыстарына 16 арнайы техника жұмылдырылды. «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-ы көшелерге 150 тоннадан астам құм мен тұз аралас қоспа септі. 130 қызметкер жаяу жүргінші жолдарындағы мұздарды ойып, тазалады. Қазір Қызылордада қар жауып тұр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.