Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 23 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ болады. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың тек оңтүстік, оңтүстік-шығысында күтіледі. Елдің басым бөлігінде тұман сақталады.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с артатыны болжанады.
Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман болжанады.
Күндіз Қызылорда облысында көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.