Ақпан айының 24-26 аралығындағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар, боран және желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, өткен тәулікте Батыс Алтай, Тарбағатай және Жетісу тауларында жауын-шашын жалғасты. Жауған жауын-шашын қаркөшкін жағдайына ешқандай өзгеріс туғызған жоқ, сондай-ақ бұрқасын және желдің күшеюі тіркелмеді.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан таулы аймақтарында өздігінен болатын қар көшкіні күтілмейді. Дегенмен, қар көшкіні жағдайынан сақ болу үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.