ШҚО «Қауіпсіз қала» жүйесі іске қосылады

0 11

Бүгін Өскеменде облыс әкімі халық алдында есеп берді. Аймақ басшысының баяндамасын онлайн тәртібінде барлық аудандар мен қалалардың тұрғындары көрді.Даниал Ахметов 2017 жылды қорытындылап, биыл межеге алынған міндеттер легімен бөлісті. Шығысқазақстандықтар тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап берді.

«Digital East» (Цифрлі Шығыс) жобасы аясында Өскемен мен Семей көшелерін жарықтандыру жүйесін жаңғырту қолға алынды. 15 жылға дейін кепілі бар 25 мың шам ауыстырылады. Жылдың бірінші жартысында «Қауіпсіз қала» жүйесін іске қосу басталады. Бұл үшін 4 мың бейне бақылау камерасы орнатылады.

— «Ақылды қала» бөлігі ретінде қоғамдық қабылдау, мобильді қосымша «Digital East», денсаулық сақтау, білім беру салаларында және коммуналдық ақпараттық желілер енгізіледі, — деді ШҚО басшысы. — Біз маңызды тарихи кезеңнің, сандық форматта «жаңа» өмірдің қарсаңында тұрмыз. Сондықтан өңір экономикасы ескі технологияларға сене алмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.